Алматыда қоғамдық көлікке арналған Avtobys цифрлық жолақы төлеу жүйесін кезең-кезеңімен енгізу басталады. Бұл – Қазақстан мен Қырғызстанның 24 қаласында қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған, қоғамдық көлікке арналған заманауи шешім. Жүйені отандық Innoforce технологиялық холдингі әзірлеген және Алматыда қалалық көлік жүйесін цифрлық басқаруға көшу аясында енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.