Белгілі қаржыгер Ғалым Құсайынов өзінің телеграм-арнасында қазақстандық банктердің табыс көздеріне талдау жасады. «Жалпы алғанда саланың табыстылығы артып келеді. Қазір банктер көп ақша табуда, бірақ несиелеу өсіп жатқан жоқ, бұл, менің түсінігімде, банктік ортада айтарлықтай теңгерімсіздік бар екенін білдіреді. Менің ойымша, қаржы секторының ағымдағы қолайлы жағдайы 2016-2017 жылдардағы дағдарыстан кейінгі реттеуші ортаның өзгеруі нәтижесінде орын алды.