Кеше Каспи банктің 7 қызметкерін кепілге алып, банктің қаржысын науқас балаларға аударуды талап еткен Әлихан Мұратовтың тірлігі елді шулатты. «Менің ойымша, бұл операция күштік құрылымдардың беделін көтеру үшін жасалған қойылым секілді», дейді журналист Серік Жолдасбай. Оның пайымдауынша, бұл оқиғаға байланысты түсініксіз сұрақтар өте көп. Мәселен, арнайы жасақ 7 адамды кепілдікте ұстап отырған қылмыскерді ұстау үшін