Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікпен болған жанжалға қатысты пікір білдіріп, өзі ренжіткен адамдардан кешірім сұрады. Спортшының айтуынша, Үндістандағы Гран-приде болған бейберекетсіздікті көбелектің қанат қағуы әсерімен салыстыруға болады. Көбелектің болмашы қанат қағуынан жағалаудың ар жағында пайда болған цунами бәрімізді басып қалғандай күйде жүрміз. Кеше мен айтқан бір жағдай осындай үлкен дау тудырды. Енді оның салдарымен