Өзбекстандық Championat.asia басылымының хабарлауынша, Қазақстанның футбол федерациясының басшысы Әділет Барманқұлов Өзбекстанға 2034 жылы әлем чемпионатын бірлесіп өткізу жөнінде ұсыныс беріпті. Бұл мәлімдеме Қырғызстанда өткен Орталық Азия елдерінің футбол ассоциациясы кездесуінде айтылған екен. Әділет Барманқұлов қай жерімен ойлайды? 2020 жылы футболдан әлем чемпионатын қабылдаған Катар 220 млрд доллар жұмсады. Ондай ақша тіпті Қазақстанның ұлттық қорында жоқ.