Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды. Мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды.