Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметін тексеріп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Министрдің айтуынша, «АрселорМиттал Темиртау» бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралды. Бұл ретте, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижелері туралы қосымша хабарланады, деді Өскенбаев.