Елорда мектептері мен көшелеріне қазақтың біртуар тұлғаларының есімі беріледі. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакеновтың төрағалығымен өткен ономастикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды. Жиынға Дархан Мыңбай, Өмірзақ Озғанбаев, Бүркітбай Аяған, Жамбыл Артықбаев, Марат Әбсеметов, Дәулеткерей Кәпұлы сынды ұлт жанашырлары қатысқан. Отырысқа қатысушылар ономастика саласындағы жұмысты жүйелендіру мәселесін қозғап, көшелерге Нұркен Әбдіров, Шерхан Мұртаза, […]