Бүгін Ақтау қалалық соты ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаевқа қатысты үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz. «Ізімтаев субсидия беру кезінде жалпы қамқорлық жасағаны үшін күн панельдерін жеткізушілерден пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 28 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада. Ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. …