2023 жылғы 9 ақпанда Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Астана әкімдігі елорданың автобус паркі 25%-ға жаңартылатынын, 500 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 93 222 автобус тіркелген. Халықты автобустармен орташа қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 4,7 автобусты құрайды. Барлық автобус паркінің 76%-ы