Батыс Қазақстан облысында кісі өлтіруге тапсырыс беру ісі бойынша сот отырысы басталды. Айыпталушылар қатарында 40 жастағы Эльвира Еркебаева мен 33 жастағы Максим Кузнецов бар. Оларға алдын ала сөз байласу бойынша қастандық ұйымдастырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.