«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Орал қаласында заманауи креативті хаб ашылады. БҚО-ға жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов облыс әкімі Нариман Төреғаливпен бірге «OzgeEpic Oral» креативті орталығының жөндеу жұмыстарымен және жобаның жалпы жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.