Белгілі меценат, Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы Жұмабек Жанықұлов Жаңаөзен жұмысшыларының наразылығына қатысты пікірін айтты. Біріншіден, батыстағы жер асты байлықтары бүкіл қазақ халқының мүлкі! Тек Батыс халқынікі емес. Басқаша айтатындар – елімізге жақсылық тілейтіндер емес. Екіншіден, батыс өңірінде шерулерді шантаж құралына айналдырып, мыңдаған адам еңбексіз айлық алып жүр. Басқа өңірлермен салыстырғанда жалақысы 2-3 есе