Алматы облысының полиция департаментін енді Бауыржан Әленов басқарады, деп хабарлайды Polisia.kz. Президент Әкімшілігімен келісе отырып, полиция полковнигі Бауыржан Әленов Алматы облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Жаңа басшыны Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды. Бауыржан Әленов 1976 жылғы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген. Білімі бойынша заңгер, заң ғылымдарының магистрі. Ішкі істер органдарындағы