Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты бірден екі істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Сот кабинетінің» мәліметінше, сот бірінші істі 26 маусымда қабылдаған. Оның тыңдауы сейсенбі, 11 шілдеге жоспарланған және мобильді бейнеконференция арқылы өтуі керек еді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 319-бабында көзделген әкімшілік