Алматының қазіргі әкімі Ерболат Досаев BRT линияларының құрылысында қателіктер кеткенін мойындады. Енді әкімдік қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жаңа жоспар әзірлеуде. Әкім Ерболат Досаевтың тұрғындармен кездесуі барысында Бостандық ауданының бір тұрғыны қаладағы автобус жолақтары тудырып отырған қолайсыздықтар жайында сұрақ қойды. Оның пікірінше, автобус жолақтары мен қаптаған жүргінші өткелдерінің кесірінен кептеліс көбейіп, қала ауасының ластану деңгейі