Қазақстандағы Beeline енді Ресейге бағынбайтын болды. Ресейлік «Вымпелком» Қазақстандағы Билайнның 75% акциясын нидерландтық VEON телекоммуникациялық холдингіне 611,2 миллион долларға сатты. Бұған дейін, 2022 жылдың күзінде қазақстандық Beeline өз кабельді жүйесінен (BeeTV) ресейлік пропагандистік телеарналарды өшіргенде, РФ президент әкімшілігіндегі шенеуіктер «Вымпелком» басшылығына қоқан-лоққы көрсетіп, Beeline тез арада өшкен арналарды эфирге қайтарған болатын. Енді Ресей олай істей