Алматы облысы Талғар ауданының соты Алматы қаласындағы халықаралық әуежай маңындағы «жерге байланысты айла-шарғы» туралы іс бойынша айып тағылған бұрынғы шенеуніктерге үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап. Талғар ауданының экс-шенеуніктері 2017 жылдан 2019 жылдың аралығында әуежай маңындағы Қызылту ауылының сыртындағы жерді мемлекет иелігінен заңсыз алып, кейін пайда табу мақсатымен сатқаны үшін айыпты деп танылып, …