Осы көктемде Қазақстанның бірден бес өңірінде су тасқыны қаупі күшеюі мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында топырақ қатып қалған, ал қар мен ылғал нормадан асып түседі. Мұндай жағдайлар қардың күрт еріп, судың жылдам ағу қаупін тудырады. Бұл туралы Қазгидрометтің су тасқыны маусымының басталуына орай дайындаған гидрологиялық шолуында айтылған.