Бестөбе кентінің жұмыс істемейтін шахтасындағы үйінділердің астынан екі заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды. Ақмола облыстық полиция департаментінінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған. Степногорск қаласының полициясына «Центральная» шахтасы кенішінің диспетчерінен 520 көкжиекте кен үйінділерінің астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Материалдарды алғашқы жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталды, олардың бірі –