Депутат Ринат Зайытов мемлекеттік қызметпен қатар беташарға шығуы мүмкін екенін айтады. Сөзінше, жалақысы отбасын асырауға жетпейді. Жасырмаймын алатын айлығым қолыма 800 мың теңге. Ол менің отбасымды асырауға жетпейді. Өйткені үлкен қызым қазір оқуға түсетін болса, тіпті жетпей қалады. Беташар ол бекітілген бір бизнес емес қой. Табаққа біреу мысалы 200 теңге, біреуі 500 теңге салуы мүмкін.