Астанада жасаған бұзақылығымен елді шулатқан қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Шүменовті іздестіру туралы хабарландыру 22 шілдеде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды. Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталығының фуд-кортында жанжал болып, қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген адамның кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған