Жаздың алғашқы айы аяқталмай жатып Бейжіңде ауа температурасының 41,8 °C дейін жеткені тіркелді. Қытайдың астанасында ауа температурасын тіркеу 1961 жылдан бері жүргізіліп келеді. Сол кезден бері бұл Бейжіңде маусым айында тіркелген ең ыстық күн болды: 22 маусымда қаланың солтүстігіндегі гидрометеостанция 41,8 градусты тіркеді. Бейжіңде қазір 21 млн-нан астам халық тұрады.