Мемлекет басшысы Алматы облысынан ары асып, Талдықорғанға қарай тартып кетті. Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысы жұртшылығымен кездесу өткізіп, «әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды», деген мәлімдеме жасады. «Халқымыз «әділ істің бәрі игі» деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс», деді президент. Оның сөзінше, әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға