Қазақстан қор биржасында сауда қыза түсті. Ұлттық валютамыз таңғы саудада 6 теңге нығайып, бір доллар үшін 429-430 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл - 2 наурыздағы көрсеткіштен 1,3% төмен. Теңге өткен жылдың көктемінен бері алғаш рет 430 көрсеткішінен төмендеді.