Астана соты Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Экс-министр әйелін өлтіргені үшін 24 жылға, ал Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, экс-министр үкімнің жойылуын талап еткен адвокаттарының ұстанымын қолдады.