«Бомба қойылды» деген барлық хабарлама жалған болып шықты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Биыл полиция бомба қойылғаны туралы 140 қоңырауға барған. Террорлық акт туралы жалған хабар бойынша 101 қылмыстық іс қозғалды. Жалған террористер мына объектілерде «бомба бар екенін» хабарлаған: - білім беру ғимараттары; - транспорт объектілері; - ойын-сауық орталықтары; - елшілік; - банктер және тағы басқа.