Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдайға сәйкес, 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (69,9%) Өзбекстаннан, 10,3% – Қытайдан, 7,1% – Түрікменстаннан, 4,0% – Моңғолиядан және 8,7% басқа