2022 жылғы жазда Қазақстанға келген туристер ағыны айтарлықтай өсті. Aviasales.kz зерттеуі бойынша, биыл шетелдіктер елімізге келу үшін былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда билеттерді екі есе көп іздеп, брондаған. Елімізге бәрінен де Ресей, Түркия, Германия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Чехия азаматтары көп келеді. Aviasales.kz аналитиктері мәліметінше, былтырғы жазбен салыстырғанда ресейліктер арасында Қазақстанға билетке сұраныс 95%-ке, немістер