Биыл қаңтар-мамыр аралығында елімізге тұрғылықты тұруға 6 227 адам көшіп келген. Дәл осы уақыт ішінде 9 034 адам керісінше Қазақстаннан шет мемлекеттерге кеткен деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. «2022 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны – 6 227 адам, елімізден кеткендердің саны – 9 034. Көші-қон айырымы – 2 807 адам» …