Қазақстанның стратегиялық мақсаты – мықты және жауапты жеке бизнесті құру. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Бизнесті қорғау тетіктерін күшейту жөніндегі қадамдардан басқа, тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыруға да ерекше назар аудару қажет. Жаһандық турбуленттік пен белгісіздік, сыртқы және ішкі сын-қатерлердің күшеюі кезінде, әдетте мемлекеттің рөлі күшейе түседі. …