Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, салдарынан бүлдіршін екі қолынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Ол электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Бала облыстық ауруханаға жедел жеткізілді. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан, дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды. Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы төрт баланың кішісі. Мамандар жағдайы орташа ауыр деп …