Оқиға 1 маусым күні Ақсай қаласында таңғы сағат 07.30-да болды деп хабарлады turkystan.kz «1981 жылғы ер адам өз қаруымен өзін-өзі атқан. Марқұм есін жия алмастан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адам жедел-жәрдем келгенше жүрегіне тиген оқтан көз жұмғанынын мәлімдеді.