Батыс Қазақстан облысында жылқы шығыны күрт көбейіп, шаруалар дабыл қағуда. Әсіресе Қазталовка мен Жәнібек аудандарында қыс ауыр тиіп, мал жаппай қырылып жатқаны айтылды. Былтырғы қуаңшылықтан әлсіреп шыққан жылқы биыл қалың қар мен көк мұздың құрсауында қалған. Тебінге жарамаған түлік азық таппай, далада сұлап жатқаны түсірілген кадрлардан анық көрінеді. Киров ауылындағы бір шаруашылықта екі күннің өзінде...
Жаңалықтар