Орал қалалық соты оларды киік мүйізін аса ірі көлемде заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот оларды жеті және сегіз жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады turkystan.kz Сотталғандар Орал қаласында МАЗ-дың тіркемесіндегі жасырын орынға 1169 мүйіз жасырған. Оларды Ресейде сатуды жоспарлаған. Көлік қаладан шығаберісте ұсталды. Мемлекетке келтірілген шығын 2,5 миллиард теңгеге …