Бүгін таңертеңгі сағат 7:30-да 1981 жылғы Ақсай тұрғыны өзіне-өзі қол салды, – деп хабарлады БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі. Ер адам өз пәтерінде өзін-өзі кеудесінен атып тастаған. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адам жедел жәрдем келгенше жүрегіне тиген оқтан көз жұмғанынын хабарлады.