Иә, бізге Блинкен келе жатыр. «Бұл жолы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы мен қазақ билігінің арасында ауыр әңгіме болатын сықылды», дейді блогер Руслан Түсіпбеков. Өйткені әңгіменің тақырыбы белгілі. Қазақстан билігі Ресейге көмектесіп, оның Батыс санкцияларын айналып өтуіне жол беріп отыр. АҚШ тарапы Қазақстанға Батыс елдерінің тауарларын «параллельді импорт» деп қойып, контрабандалық жолмен тасуды осымен доғар деген талап