АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Украинадағы агрессиясының сипаты өзгергенін, АҚШ-тың украиндықтардың өзін қорғауға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты. Бұл туралы «Голос америки» басылымы хабарлады. Америкалық дипломатияның басшысы Калифорния штатының Стэнфорд қаласына сапары кезінде Украинадағы жағдайға баға берді. Ол Ресейдің азаматтық нысандарға шабуыл жасауын «шарасыздық әрекеті» деп атады. 24 ақпаннан бастап агрессияның