Алматыда Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысты сот процесі басталды. Сот отырысында қаржылық пирамиданы құрып, оны басқарды деп айыпталған блогер Мейіржан Төребаев тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты істі прокурорға қайтаруды сұрады. Бүкіл тергеу барысында 262-бап (Қылмыстық қоғамдастық құру және басқару, сол сияқты оған қатысу) бойынша іс материалдарында маған қарсы ешқандай айғақ болған жоқ. Яғни, тергеуші