Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Astana телеарнасыныңхабарлауынша, 20 жастағы бойжеткен өгей әкесіне арызды былтыр қараша айында жазған. Бұл оқиға қазір ғана белгілі болған. Осы оқиғаға байланысты Қостанай облысының полициясы бірден «Зорлау» және «Бірнеше рет зорлау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.