Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Кореяны шулатыпты. Корея билігі оларды Қазақстанға қайтарып жібермек болғанда екеуі қашып кеткен екен. Біреуі ұсталып, екіншісін әлі іздеп жатыр деседі. Қазақ баласы несіне Қазақстанға қайтқысы келмей, Кореяға сонша жармасады? Саясаткер Қазбек Бейсебаевтың сөзінше, өйткені Қазақстанда жалақысы тәуір жұмыс жоқ. Ол балалар өзі мен үй ішін асырау үшін Кореяға гастарбайтер болып қашты.