Өткен аптада қазақ аудиториясы саяси тақырыптарды кеңінен талқылады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Нұр-Сұлтан атауын қайта Астана деп өзгерту бастамасы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуі себеп болды. Әрине, өткен аптаның басты жаңалықтарының бірі — президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы болды. Аудитория әр пункты жіті бағалап, өз пікірлерін білдірді. Әсіресе