Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Наурызға арналған іс-шарада қозыны 30 рет көтеріп, тұрып-отырған 4 жасар бала жұртты тәнті ентті. Бұл туралы Stan.kz жазды. Кішкентай Айсұлтан Беріктің қозыны көтерген видеосы желіде тарады. Бұл сайысты тәрбиешілер Наурызға арналған іс-шара аясында ұйымдастырған екен. Желі қолданушылары сәбидің күшіне таңғалды. Тәрбиеші Гүлнұр Әлиаскарованың айтуынша, мұндай жарыстар жыл сайын өткізіледі. Ал балалар арасында мықты ұлдар көп екен. «Балалар кішкентай кезінен физикалық белсенділікке үйренген. Олар күнделікті ата-аналарына, ата-әжелеріне мал бағуға көмектеседі. Сондықтан олар үшін мұндай міндет қиын емес. Топтағы Санжар есімді бала ешкіні 35 рет көтерді. Сондай-ақ, балалар атқа мініп, әдеттегідей ауылдағы үлкендерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады», — деді ол. […]The post «Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео) appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

«Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео)
Жаңалықтар



































