NewsRoom99 телеграм арнасының мәліметінше, Болат Назарбаевтың тұңғыш баласы Нұрбол Назарбаев әкесі мен оның бұрынғы әйелі Гүлнұр Дүйсебаеваны сотқа берген. Нұрбол Назарбаев азаматтық соттан өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды және Болат Назарбаевтың Гүлнұр Дүйсебаевамен некесін жарамсыз деп тануды сұраған. Алғашқы сот отырысы 21 сәуірде өтеді. Онда алдын ала тыңдау болады деп күтілуде, деп жазады Маsa Media.