Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан бастаған депутаттар ақпараттық қауіпсіздік, жалған ақпарат тарату мәселесін көтеріп, Бас прокуратураға сауал жолдады. Оның айтуынша, қазіргі кезде әлеуметтік желі арқылы жалдамалы боттар көпшіліктің санасына әсер етіп жатыр. Сондықтан депутаттар «шеттен қаржылық қолдау алатын анонимді ақпарат таратушылардың жеке басын анықтау керек» деп есептейді. Түрлі блогер мен есім-сойын жасырған әртүрлі аккаунт, жең ұшынан