Елімізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат берілген, деп хабарлады Қазақстанның Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімінің3-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын