Қазақстан жұлдыздары көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайдыPolisia.kz. Үндеу жасауға оншақты адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғаларының жиілеуі себеп болды. Бейнеүндеуді әртістер, актерлер, журналистер, спортшылар, блогерлер мен вайнерлер жазды. Олардың мақсаты – қазақстандықтарды жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақыру. Мәдениет, теледидар, спорт қайраткерлері әлеуметтік челленджді ықыласпен қолдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамайтын әріптестеріне жеткізді.

Бір демалыста — 24 өлім: Қазақстан жұлдыздары халыққа үндеу жасады
Жаңалықтар
































