Ақтөбе маңындағы Қурайлы ауылының тұрғындары Әлия Молдағұлова көшесінің жөнделмей жатқанына шағымданды. Олардың жол мәселесін көтеріп жүргеніне 20 жыл болған, ал жергілікті билік жөндеу жүргізуге 11 жыл бұрын уәде берген. Бұл туралы «Жетінші арнаға» сілтеме жасап, Tizgin.kz хабарлайды. Тұрғындар: жауап іздеп, мекемелер арасында жүрміз Жергілікті тұрғындардың сөзінше, Әлия Молдағұлова көшесі – ауылдағы асфальт төселмеген жалғыз көше. …