Қарағандыда бір отбасының үш адамын өлтірген азаматтың ісі қаралды. Сот Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғынын кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сот ісі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Қылмыстық іс материалына сәйкес, айыпталушы ұрлық жасағанын жасыру мақсатында отбасының үш мүшесін өлтірген. Тергеу өткен жылдың 11 тамызында […]