Ананың мейірімін ештеңемен өлшеу мүмкін емес. Кейбіреулер бір баланы тәрбиелеудің өзі үлкен жауапкершілік екенін айтса, кейбір қазақстандық аналар ондаған жетімді бауырына басып, тұтас бір әулеттің ұйытқысына айналып отыр. Қазақстанда 10 мамыр күні аталып өтетін Аналар күні қарсаңында өзгенің баласы